Елордалық құтқарушылар екі баланы өрттен құтқарды
Өрт сөндірушілер пәтерлердің бірінде үй заттары мен тұрмыстық техниканың өртеніп жатқанын анықтады. Барлау жұмыстарының барысында 6-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Абылай Өтегенов және 4-МӨСБ бөлімше командирі Бағдат Боханов құтқару маскаларының көмегімен 2019 және 2021 жылы туған балаларды құтқарды.
ТЖД балалармен болатын оқыс оқиғаларды азайту және алдын алу мақсатында ата-аналардың, тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға аударады.
-->Өрт сөндірушілер пәтерлердің бірінде үй заттары мен тұрмыстық техниканың өртеніп жатқанын анықтады. Барлау жұмыстарының барысында 6-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Абылай Өтегенов және 4-МӨСБ бөлімше командирі Бағдат Боханов құтқару маскаларының көмегімен 2019 және 2021 жылы туған балаларды құтқарды.
Қазіргі кезде балалардың жағдайы бірқалыпты. Өрт толығымен 14:23-те жойылды. Жалпы өртті сөндіруге елордалық ТЖД 3 бірлік техникасы мен жеке құрамның 13 адамы жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
ТЖД балалармен болатын оқыс оқиғаларды азайту және алдын алу мақсатында ата-аналардың, тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға аударады.