Оқиға

Елде бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді

Бүгін Ішкі істер министрлігі еліміздегі криминогендік жағдайды баяндады.

 

-->

Бүгін Ішкі істер министрлігі еліміздегі криминогендік жағдайды баяндады.

Бір апта ішінде елімізде 3 092 қылмыс жасалды, оның 1 909-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 4 қарақшылық, 29 тонау және 508 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты, - деді ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек апталық онлайн брифингіде.