Оқиға

Елордада автокөлік ұрлаған күдіктілер ұсталды

Полицияға Нұр-Сұлтан қаласы Ким көшесі бойындағы үйлердің бірінің ауласынан «ВАЗ 2110» маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің жасырын ұрлап әкеткені туралы хабарлама келіп түскен. Тергеу барысында ұсталған күдіктілер түнгі уақытта үйдің ауласында есігі ашық қалған автокөлікті байқап, оны ұрлап әкету үшін салонына кіргені анықталды. Көліктің кілті жоқ болғандықтан, қаскүнемдер бастапқыда оны итеріп жолға алып шығады, кейін интернеттен қарап көлікті кілтсіз оталдырып, айдап әкетеді.

Ұрланған көлікпен күдіктілер Қостанай облысына дейін барып, сол жерде құжаттарынсыз арзан бағаға сатып жібергені анықталды. Келтірілген шығын сомасы 500 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша «ұрлық» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адамдар өз кінәсін мойындады, автокөлік иесіне қайтарылды. Олардың  елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

-->