«Жұмысқа тұруға көмектесемін»: Астаналықтардың ақшасын иемденген алаяқ ұсталды
Тергеу барысында полицейлер оның дәл осындай жолмен бірнеше елорда тұрғынын алдап, ақшасын иемденгенін анықтады.
Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицейлер алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.
-->Ер адам алаяқтық жолмен, жұмысқа орналасуға көмектесемін деген уәдемен 44 жастағы ер адамның ақшасын иемденген. Анықталғанындай, алаяқ сенімге кіріп, жәбірленушіні жұмысқа орналастыруға көмектесетін ықпалды туыстары бар екенін айтып сендірген. Келтірілген шығын 100 мың теңгені құрайды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.