Оқиға

Орталық Азия елдеріне есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды

Операция барысында есірткі қылмысына қатысы бар 10 адам ұсталып, ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 22,7 келі (68 мың бір реттік дозаға тең).

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

-->

Көп кезеңді жедел іс-шаралар шеңберінде 2-3 маусымда Алматы қаласында «альфа-PVP» есірткі затының 17,7 келісін тасымалдау және сақтау кезінде есірткі қылмысына қатысты топтың 4 көмекшісі ұсталды. Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша психотроптық заттарды өндіретін жерасты зертхана табылды. Есірткі контрабандалық жолмен Қырғызстанға жіберуге, сондай-ақ Шымкент және Өскемен қалаларында сатуға арналған болып шықты. Қылмыстық топтың байланыстарын жою үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ІІМ-мен өзара іс-қимылды іске асырды. Нәтижесінде, 5 маусымда Бішкек қаласында жасырын жерден 3 келі есірткі затын алу кезінде Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды. Арнайы операцияның соңғы кезеңі Өскемен және Шымкент қалаларындағы бір мезгілде 3 есірткі курьерінің ұсталуымен аяқталды. Оларды тексеру барысында 2 келі есірткі табылды, – делінген комитет хабарламасында.