Оқиға

Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Теңіз кен орнындағы жарылыс бүгін, 6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 09:55 шамасында болған.

Кен орнындағы атмосфералық газы бар құбырда гидротест жүргізілген. Қысымға төтеп бере алмаған құбыр жарылып кеткен. Жарылыстың салдарынан оқиға орнында екі жұмысшы көз жұмды. Ал үш адам әртүрлі дене жарақатын алып, медицина қызметкерлеріне жүгінген.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 156-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

-->

Жылыой ауданында орналасқан Теңіз қалашығында құбыр жарылып, соның салдарынан 1985 жылы туған екі қызметкер мерт болды. Үш адам жарақат алды. Зардап шеккен 3 қызметкерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметінен.