Суға батып кеткен 2 шетелдік студент іздестіріліп жатыр
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Олардың барлығы Үндістан азаматтары екен. Студенттер Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында білім алады.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 19 қызметкері мен 1 жүзу құралы, 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техника жұмылдырылды.
-->26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын, – деп жазылған Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне хабарламасында.