Елорда тұрғыны жетінші қабаттың балконынан құлап мерт болды
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 102 желісіне Достық көшесі бойындағы үйлердің бірінен әйел адамның құлап кеткені туралы хабар түскен.
7-қабаттың балконынан құлаған азаматша оқиға орнында көз жұмған.
Қайтыс болған адамның 50 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Ол құлаған сәтте марқұмның туыстары үйде болған.
-->Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 102 желісіне Достық көшесі бойындағы үйлердің бірінен әйел адамның құлап кеткені туралы хабар түскен.
7-қабаттың балконынан құлаған азаматша оқиға орнында көз жұмған.
Қайтыс болған адамның 50 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Ол құлаған сәтте марқұмның туыстары үйде болған.
Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес оқиғаға қатысты өзге материалдар жария етілмейді, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.