«2 дана оқ, кілт пен қан көрдім»: Шерзат Полаттың сотында куәгерден жауап алынды
Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сот отырысында куәгер Дарын Жанболатұлынан жауап алынды. Жасөспірім оқиға орнына барған.
«Біз сол күні кешке достарымызбен бірге әкімшілік жақта жиналдық. Бір топ адам болып тұрдық. Содан ініме анам хабарласып, үй жақта төбелес болғанын айтып, біздің қайда екенімізді сұрады.Содан үй жаққа қарай бәріміз бардық. Сол жерге барғанда жерде жатқан екі бала, көлік пен көп адамдарды көрдік. Сосын жерде жатқан бір баланы көлікке отырғызып жатты. Екіншісін көрген жоқпын. Одан кейін жедел-жәрдем мен полиция келді. Мен анаммен сөйлесіп, қал-жағдайын сұрадым. Мен жерден 2 дана оқ, кілт пен қанды көрдім. Жасыл түсті оқтардың арақашықтығы шамамен 2-3 метр болды. Оның бір данасын бір әйел алып, «Sonata» көлігіне мініп кетті»,- деді Дарын Жанболатұлы.
Сонымен қатар куәгер оқиға орнында Шерзаттың анасы оның қайтыс болғанын айтып айғайлағынын естіген.