Оқиға

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы мейрамхана өртенді

Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды.

Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өздігінен шығып кеткен.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылған.

-->

2022 жылғы 16 маусымда сағат 11.48-де Түркістан қаласында екі қабатты «Жеті Тандыр» дәмханасының екінші қабатында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша өрт 400 шаршы метрді шарпып, ғимараттың шатырына өткен. Өрт сағат 12.50-де оқшауланып, сағат 13.23-те сөндірілді. Өрт көлемі 594 шаршы метрді құрады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.