Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Өрт үлкен аумаққа жайылып, қозғалысқа кедергі келтіргендіктен, жолдағы көліктер тоқтатылды.
Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт жол қозғалысына кедергі келтіргендіктен, автокөліктер тоқтатылған.
Аталған дерек бойынша ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған, қажетті сараптамалар тағайындалған.
-->

Артынша, сағат 03.40 кезінде жанып жатқан тіркемеге 550-600 метр жетпей, DAF жүк көлігі жолда бір бағытта тоқтап тұрған 10 көлікті қағып кетті. Оның ішінде екі жолаушылар автобусы, екі «Тойотами Камри«, «Ауди 100«, «Шевроле Кобальт«, « Даймлер Крайслер«, BMW X5, «Тойота Альфард«, «Audi 80« жеңіл көліктері болды. Соқтығысудан кейін 4 автокөлік өртенді. Салдарынан «Тойота Камри« автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, 9 адам түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді, оның ішінде 3 адам реанимация бөліміне жатқызылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Аталған дерек бойынша ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған, қажетті сараптамалар тағайындалған.