Елордада күзетшілер құрылыс нысанында ұрлық жасады
Қалалық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде құрылыс объектісінен ұрлық жасады деген күдікпен екі ер адамды ұстады.
Тергеу барысында 2 миллион теңгеден астам сомаға қасбеттік материалдарды ұрлап 30 және 34 жастағы екі күдіктінің осы құрылыс нысанында күзетші болып жұмыс істегені анықталды.
Түнде бөтен адамдардың жоқтығын пайдаланып, қаскүнемдер көлікті алдын-ала ұйымдастырып, ұрланған заттарды алып кеткен. Қылмыстық ниетпен алынған алюминий парақтарын сатпақшы болған.
Аталған фактіге байланысты «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер өз кінәсін мойындады, олардың елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізуде.
-->