Көкшетауда кейуана тірідей өрттеніп кетті
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 10 маусымда сағат 11:56 шамасында Жедел басқару орталығына Әбілқасымов көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланды.
-->Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 10 маусымда сағат 11:56 шамасында Жедел басқару орталығына Әбілқасымов көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланды.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 28 адам және 4 техника шақырылды. Сағат 12:33 кезінде өрт ауыздықталып, 13:18-де сөндірілді. Қызыл жалын 135 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру кезінде 1942 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды, - деді ведомстводан.