Ақтауда кәріз құдығынан шала туған шақалақтың денесі табылды
Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген.
-->9 маусымда сағат 11:51-де кезекші 102 пультіне Ақтау қаласының 32-шағын ауданында кәрізден 9 ай толып, өмірге келмеген шарананың табылғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген.