Оқиға

Елордалық такси жүргізушісі пәтер тонап кетті

Деректерге сүйенсек, қала тұрғыны, бір күн бұрын қонақта болғанын және масан күйде түнгі сағат 23.00-де үйіне жету үшін такси шақырыпты. Көрсетілген мекен-жайға жеткенде такси жүргізушісі жолаушыдан су ішуді өтінген. Ізінше үйге бірге кіріп, пәтер иесі ұйықтап қалғанда ұрлық жасаған. 

Жүргізуші ұялы телефон, «Самсунг» маркалы планшет, 100 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатты олжа қылған. Сонымен қатар, үй иесінің кроссовкалары мен флип-флоптарын да өзімен бірге алып кеткен.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

-->