Елордада «КамАЗ» жүргізушісі полицейлермен төбелесті (ВИДЕО)
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Сот шешімімен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерге тарады.
-->Оқиға бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласы маңында болған. 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетпек болған. Сондай-ақ, жүргізуші патрульдік көлікпен соқтығысып, тәртіп сақшыларына күш көрсеткен, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.