Елордада ер адам өз бетімен кетіп бара жатқан адамды соққыға жыққан
Оқиға орнына жеткен полицейлер күдіктіні қолға түсірді.
Ұсталғанның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Полицейлер күдіктінің мұндай жайтқа бірінші рет тап болып тұрмағанын атап өтті. Ол 2010 жылы абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталған.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат Полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
-->Күндізгі уақытта 42 жастағы қала тұрғыны Дүкенұлы көшесінің бойындағы дүкеннен шығып келе жатып, мас күйде жүрген бейтаныс ер адаммен иығымен соқтығысып қалған. Бейтаныс адам агрессивті түрде әрекет етіп, ер адамның басынан ұрған, салдарынан ол асфальтқа құлап, есінен танып қалған. Осыған қарамастан бұзақы оны ұрып-соғып, жерде жатқан оған соққылар жасаған, – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.