Алматы облысында жасөспірім қызды өлтіріп, денесін өртеп жібергендер ұсталды
Алматы полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 мамырда оның анасы кәмелетке толмаған қызының (2005 жылы туған) жоғалып кеткені туралы арыз жазған.
Әйелдің айтуынша, қызы 24 мамыр күні үйден белгісіз бағытта кетіп қалған.
Полицейлер оның жоғалып кетуіне қатысы болуы мүмкін адамдар тобын құрды. Олар Алматы облысында тұратын 1992 және 2001 жылы туған екі ер адам болып шықты. Қыз оларды жоғалған күні көшеде кездестірген.
Ведомстводан атап өткендей, қылмыстың ізін жасырмақ болған күдіктілер қыздың денесін өртеп жіберген.
-->

Жедел іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында күдіктілер кісі өлтіргенін мойындап, Қапшағай су қоймасынан алыс емес жерде оның денесінің көмілген жерін көрсетті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Ведомстводан атап өткендей, қылмыстың ізін жасырмақ болған күдіктілер қыздың денесін өртеп жіберген.
Аталған қылмысты одан әрі тергеуді аумақтық принципке сәйкес Алматы облысы бойынша ПБ жүргізетін болады, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.