Шымкентте ер адам жұрттың көзінше әйелін соққыға жыққан (ВИДЕО)
Шымкенттің Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 27 мамырда болған.
-->Шымкенттің Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 27 мамырда болған.
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласында ер адамның бір әйелді ұрып жатқаны түскен видео тарады. 27 мамырда әл-Фараби ауданының Полиция бөліміне ер адам әйел адамды ұрып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барды. Тексеру барысында полицейлер ер адамның әйелін отбасылық жанжалдан кейін ұрғанын анықтады. Әйел адам шағым түсіруден бас тартты. Учаскелік полицейлер әйелдің күйеуімен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын өткізді. Бұл әрекет қайталанған жағдайда ер адам әкімшілік қамауға алынуы мүмкін, - деп атап өтті Шымкент ПД өкілдері.