Қосшы қаласында 3 жасар бала 4-қабаттан құлап кетті
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай мамырдың 21-де сағат 16:00 шамасында болған.
Полициядан атап өткендей, бүлдіршін анасы дүкенге шығып кеткенде терезеден құлаған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.
Отбасы екі бала тәрбиелеп отыр. Арнайы органдардың есебінде тұрмайды.
-->Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай мамырдың 21-де сағат 16:00 шамасында болған.
Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Зардап шеккен бала Нұр-Сұлтан қаласы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды, - деді ведомстводан.