Оқиға

Елімізде есірткі сататын 655 сайт бұғатталды

Интернет арқылы есірткі заттарын өткізу фактілері бойынша 82 қылмыстық іс тіркелген, жарнама және насихаттау бойынша тағы 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Оның айтуынша, аталған қылмыстық схемалардың ұйымдастырушылары әдетте басқа елдерде тұрады. Мамандар есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын сайттарды, посттарды, блогтар мен жарнамаларды анықтау үшін интернет-кеңістікке мониторинг жүргізуде.

-->

Интернет арқылы есірткі заттарын өткізу фактілері бойынша 82 қылмыстық іс тіркелген, жарнама және насихаттау бойынша тағы 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Қазір есірткі заттарын сататын адамдар интернет арқылы жұмыс істейді. Олар мобильді қосымшаларды, мессенджерлерді пайдаланады. Төлем де қашықтан, яғни, онлайн-төлемдер арқылы жүргізіледі. Төлем алынғаннан кейін сатып алушы есірткі түйіршігі жасырылған орынның координаттары белгіленген сілтеме алады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының м.а. Асхат Мұхаметқалиев.

Оның айтуынша, аталған қылмыстық схемалардың ұйымдастырушылары әдетте басқа елдерде тұрады. Мамандар есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын сайттарды, посттарды, блогтар мен жарнамаларды анықтау үшін интернет-кеңістікке мониторинг жүргізуде.

Жыл басынан бері осындай 655 интернет-ресурс анықталып, бұғатталды. Есірткіні интернет-ресурстар арқылы өткізу фактілері бойынша 82 қылмыстық іс тіркелді, есірткіні жарнамалау және насихаттау бойынша 37 қылмыстық іс тергелуде, – деді ол.