Оқиға

Елордада қымбат әтір мен азық-түлік ұрлаған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)

Анықталғандай, бұрын сотты болған бойжеткен кешкі сағат 20.46-да «Диона» дүкеніне барған.

Аталған күдікті күндізгі уақытта екінші рет ұрлыққа барған. Бұл жолы «Вкус Март» дүкенінен 46 мың теңгелік қымбат шоколад пен басқа да азық-түлік өнімдерін қолды еткен.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматша осыған ұқсас ұрлықтың 7 эпизодын жасады деген күдікке ілінді. Оған қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

-->

Ол өзі ұнататын иіссуларды іздеп жатқандай кейіп танытып тұрып, түрлі маркадағы әтірлерді ұрлаған. Бейнебақылау камераларындағы жазбаға сәйкес бойжеткен сөреден ұрланған жалпы құны шамамен 60 мың теңгеден асатын «Kenzo», «Dolce & Gabbana» және «MONTALE» маркаларының иіссуларын сөмкесіне салып кетіп қалған, – делінген хабарламада.