Оқиға

Оңтүстік Кореяда шымкенттік тұрғынның мәйіті табылды

Туыстары Батыр Оспановтың өліміне бір апта бұрын болған анасының қазасы туралы жаңалық себеп болған деп санайды.

Otyrar.kz мәліметінше, ер адамның денесін отанына әкелу үш жарым миллион теңгеге түседі, алайда жағдайды Оспановтың заңсыз жұмыс істегені қиындатады.

Отбасы Батыр Оспановтың құжаттары мен жерлеуіне көмектесе алады деген үмітпен қайырымдылық қорына жүгінді. Оның артында 14 жастағы ұлы, 12 жастағы қызы мен әйелі қалды.

Соңғы бес жылда Оңтүстік Кореяда 36 қазақстандық көз жұмды. Қазір Оңтүстік Кореяда 36 мың отандасымыз жұмыс істейді, олардың 10 мыңға жуығы ғана жұмыс визасын алған

-->

Біз онымен байланысқа шықтық, мен оны анасының денсаулығы туралы хабардар етіп отырдым. Ол қатты уайымдады. Анасының қайтыс болғаны туралы хабарлаған кезде, оның жүрегі шыдамаған болу керек. Ол бұған сене алмады, – дейді Замира Оспанова.