Алматы зообағында тордан шығып кеткен шимпанзе бір баланы жарақаттады
Шимпанзе бақ ішінде жүгіріп келе жатып әйел мен арбада отырған кішкентай баланы итеріп жіберген. Бала жарақат алған. Зообақ фельдшері тез арада алғашқы көмекті көрсетті. Жедел жәрдем де шақырылды. Баланың денсаулығына қазір қауіп төніп тұрған жоқ.
Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері шимпанзе тордан шыққанда күйзеліске түсті деп отыр.
Хайуанаттар бағының мамандары жануарлардың қашуы сирек жағдай емес екенін еске салды. Кейде осыған ұқсас оқиғалардың соңы қайғылы жағдайларға ұласып жатады.
-->Шимпанзе бақ ішінде жүгіріп келе жатып әйел мен арбада отырған кішкентай баланы итеріп жіберген. Бала жарақат алған. Зообақ фельдшері тез арада алғашқы көмекті көрсетті. Жедел жәрдем де шақырылды. Баланың денсаулығына қазір қауіп төніп тұрған жоқ.
Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері шимпанзе тордан шыққанда күйзеліске түсті деп отыр.
Шимпанзе аумағынан бөлектеніп қалғандықтан стресске түскен. Зоотехниктер мен ветеринарлар жағдайды реттеп, шимпанзені вольерге кіргізді. Зообақ басшылығы мен қызметкерлері зардап шеккен баланың ата-анасымен үнемі байланыста болады және қажет медициналық көмекті беруге дайын, – деп хабарланды Алматы зообағының Instagram-дағы парақшасында.
Хайуанаттар бағының мамандары жануарлардың қашуы сирек жағдай емес екенін еске салды. Кейде осыған ұқсас оқиғалардың соңы қайғылы жағдайларға ұласып жатады.