Оқиға

Елордада самокат теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті

«Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі Мыңарал көшесіндегі үйдің аула аумағымен келе жатып, солға бұрылар сәтте самокатпен келе жатқан 2019 жылы туған баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін дене жарақатын алды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

-->

Жыл басынан бері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген, мерт болғандар жоқ, - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.