Оқиға

Астанада автобуста ұрлық жасаған қаскөй ұсталды

Полицияның 102 жедел арнасына елорда тұрғыны кәмелетке толмаған қызынан ұялы телефон ұрланғаны жөнінде жүгінген. 

Криминалдық полиция қызметкерлері Ақмола облысының 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеу барысында ер адамның жанында тұрған кәмелетке толмаған жасөспірімнің күртешесінің қалтасынан ұялы телефонын ұрланғаны анықталды. Келтірілген материалдық шығын 200 мың теңгені құрады. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Полиция департаменті ұялы телефон ұрлығының жиілеп кеткені туралы ескертеді және азаматтарды қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. 

-->