Оқиға

Астаналық әйелді ұрған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды

-->

25 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен кінәлі адам 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, әкімшілік қамауға алынған тұлғалар үшін арнайы қабылдау орнына орналастырылды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.