Нұр-Сұлтанда көлік ұрылары қылмыс үстінде ұсталды
Көлік иесінің айтуынша, ол достарымен жақын маңдағы көлікте отырған, сол кезде екі бейтаныс адамның оның көлігіне жақындап келіп, артқы терезесін сындырып, салонға кіргенін көреді. Содан көліктің иесі қаскүнемдердің бірін ұстап алған, ал екіншісі қашып үлгерген.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ізін суытпай екінші күдіктіні ұстады. Ұсталғандар бұрын бірнеше рет сотталған 22 және 23 жастағы қала тұрғындары болып шықты.
Тергеу барысында анықталғанындай, жігіттер сол түні көрші аулада жолдың бойында ашық тұрған «Mercedes Benz» маркалы көлігінен құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткен.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қырағы болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға, әсіресе түнгі уақытта автокөліктерді кілттеп жауып жүруге кеңес береді.
-->Көлік иесінің айтуынша, ол достарымен жақын маңдағы көлікте отырған, сол кезде екі бейтаныс адамның оның көлігіне жақындап келіп, артқы терезесін сындырып, салонға кіргенін көреді. Содан көліктің иесі қаскүнемдердің бірін ұстап алған, ал екіншісі қашып үлгерген.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ізін суытпай екінші күдіктіні ұстады. Ұсталғандар бұрын бірнеше рет сотталған 22 және 23 жастағы қала тұрғындары болып шықты.
Тергеу барысында анықталғанындай, жігіттер сол түні көрші аулада жолдың бойында ашық тұрған «Mercedes Benz» маркалы көлігінен құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта күдіктілер ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олардың елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда, – делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қырағы болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға, әсіресе түнгі уақытта автокөліктерді кілттеп жауып жүруге кеңес береді.