Қарағандыда 9 жастағы бала каналға батып кетті
Бұл жөнінде облыстың Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Қайғылы оқиға Қарағанды-Сұрыптау өңірінде болған. Оқиға туралы ақпарат Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басқару пультіне сағат 15.45-те келіп түскен. Куәгерлердің құтқарушыларға айтуынша, балалардың бірі ойнап жүріп ашық каналға құлап кеткен.
Сондай-ақ департамент ата-аналарды балаларын бақылаусыз қалдырмауға шақырды.
Қарағанды қаласының әкімдігі де қаза тапқан баланың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Әкімдік жерлеуді ұйымдастыруға көмектесетінін атап өтті.
-->Бұл жөнінде облыстың Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Қайғылы оқиға Қарағанды-Сұрыптау өңірінде болған. Оқиға туралы ақпарат Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басқару пультіне сағат 15.45-те келіп түскен. Куәгерлердің құтқарушыларға айтуынша, балалардың бірі ойнап жүріп ашық каналға құлап кеткен.
Оқиға Серов көшесіндегі үйдің жанында болған. Оқиға орнына келген құтқарушылар 2012 жылы туған баланың денесін алып шығарды. Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті баланың ата-анасына көңіл айтады, - деп мәлімдеді ведомстводан.
Сондай-ақ департамент ата-аналарды балаларын бақылаусыз қалдырмауға шақырды.
Ата-аналар әрқашан баланың қайда екенін, кіммен және қашан үйге оралатынын білуі керек, - деп қосты ТЖД.