Оқиға

Полицейлер зергерлік бұйымдарды ұрлаған күдіктілерді ұстады

Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. 

-->

Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы әйел ұсталды, ол өзінің танысының пәтерінен құны 400 мың теңгеден астам соманы құрайтын алтын әшекейлерді ұрлап кеткен. Тағы бір осындай жағдайға байланысты қала тұрғыны полицияға хабарласып, оның бұрынғы күйеуі пәтерінен ақша мен екі жұп алтын сырғаны ұрлап кеткені жөнінде жүгінген. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 42 жастағы ер адамды ұстады, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.