Жалдамалы жұмысшы пәтер жөндеу кезінде ұрлық жасаған
Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 24 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері ұрланған заттарды ломбардтан тәркіледі.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады, бұған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
-->Жас жігіт 10 күн бойы Сарайшық көшесіндегі жәбірленушінің үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жөндеу жұмыстары кезінде ол теледидар, кронштейн және ұялы телефонды ұрлап, кейін ломбардқа өткізген, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.