Ақтөбеде ер адам әйелін балаларының көзінше ыстық сумен күйдірген (ФОТО)
«Диапазон» басылымның мәліметінше, оқиға балалардың көзінше болған. Күйік пен ауырсынудан әйел тіпті қозғала алмаған. Басылым күйеуінің екі күн бойы жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермегенін, қол-аяғын сындырамын деп қорқытқанын атап өтті. Бұл жағдай «Не Молчи» қоғамдық қорында айтылды. Ал азаптаушы жұмысқа кеткенде жәбірленушінің өзі жедел жәрдем шақырған.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, отбасында алты бала бар, кішісі небәрі бір жаста, үлкені 14 жаста. Әйел жүкті болған кезде күйеуі басын жарған, бірақ сонда да ол полицияға бармаған.
Бұл іске қатысты Ақтөбе полициясы түсініктеме берді.
Полиция мәлім еткендей, жәбірленушінің күйеуі қамауға алынған. Сондай-ақ полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жасырмай, құқық қорғау органдарына міндетті түрде хабарлауды сұрайды.
-->«Диапазон» басылымның мәліметінше, оқиға балалардың көзінше болған. Күйік пен ауырсынудан әйел тіпті қозғала алмаған. Басылым күйеуінің екі күн бойы жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермегенін, қол-аяғын сындырамын деп қорқытқанын атап өтті. Бұл жағдай «Не Молчи» қоғамдық қорында айтылды. Ал азаптаушы жұмысқа кеткенде жәбірленушінің өзі жедел жәрдем шақырған.
Ауруханаға полиция шақырылды, дегенмен осындай сұмдықты басынан өткерген әйел арыз жазудан бас тартты. Полиция ештеңе істей алмайды. Әйел маскүнем күйеуінің одан әрі зорлығына төзе бермекші, – деп жазды құқық қорғаушы Дина Таңсәрі.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, отбасында алты бала бар, кішісі небәрі бір жаста, үлкені 14 жаста. Әйел жүкті болған кезде күйеуі басын жарған, бірақ сонда да ол полицияға бармаған.
Бұл іске қатысты Ақтөбе полициясы түсініктеме берді.
Аурухана термиялық күйік шалған әйелдің ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлады. Жәбірленушіден ол өз абайсыздығынан күйік алғандықтан, ешқандай шара қолданылмағаны туралы арыз түсті. Бірақ бұл ақпаратты әлеуметтік желіде жариялаған соң, біз қосымша тексеру жүргіздік. Қазір ол күйеуіне қатысты шара қолдану туралы арыз түсірді. Күйік фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық Полиция департаменті.
Полиция мәлім еткендей, жәбірленушінің күйеуі қамауға алынған. Сондай-ақ полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жасырмай, құқық қорғау органдарына міндетті түрде хабарлауды сұрайды.