Алматы облысында той салтанатына қатысқандар атыс ұйымдастырды (ВИДЕО)
Үйлену тойы кезіндегі атыстың видеосы WhatsApp желісінде тарап кетті. Бейнежазбада бірнеше көліктің жекеменшік үйге қарай келе жатқанын көруге болады. Сонымен қатар, бұл сәтте ат үстіндегі ұлттық киім киіп алған азамат белгісіз қарудан ауаға оқ жаудырады.
Бұл видеоның 22 наурыз күні Талғар ауданындағы мерекелік шара кезінде түсірілгені белгілі болды. Бейнежазба бірден құқыққорғау қызметкерлерінің назарына ілікті. Олар той ұйымдастырушылары мен қару ұстаған ер адамды да анықтады.
Ведомствоның хабарлауынша, тексеріс кезінде тойған қатысқан көлік жүргізушілері тарапынан жол ережесін бұзу фактілері де анықталған. Оларға қатысты бес құжаттама толтырылды.
-->Үйлену тойы кезіндегі атыстың видеосы WhatsApp желісінде тарап кетті. Бейнежазбада бірнеше көліктің жекеменшік үйге қарай келе жатқанын көруге болады. Сонымен қатар, бұл сәтте ат үстіндегі ұлттық киім киіп алған азамат белгісіз қарудан ауаға оқ жаудырады.
Бұл видеоның 22 наурыз күні Талғар ауданындағы мерекелік шара кезінде түсірілгені белгілі болды. Бейнежазба бірден құқыққорғау қызметкерлерінің назарына ілікті. Олар той ұйымдастырушылары мен қару ұстаған ер адамды да анықтады.
Тойға қатысқан 22 жастағы Талғар тұрғынының қарудан оқ атқаны анықталды. Ол "МР-371" сигналды тапаншасын қолданған. Бүгінде қару тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Ер азамат ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуда (Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану), – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, тексеріс кезінде тойған қатысқан көлік жүргізушілері тарапынан жол ережесін бұзу фактілері де анықталған. Оларға қатысты бес құжаттама толтырылды.