Оқиға

Зейнеткер көктайғақта тайып құлап, қаза тапты

Qostanai телеарнасының мәліметіне қарағанда, оқиға Қостанай облысының Сарыкөл ауданында болған.

Полицейлердің айтуынша, абайсызда тайып құлап, басынан жарақат алған 65 жастағы ер адам аудандық ауруханаға жатқызылған. Алайда дәрігірлер оның өмірін аман сақтап қала алмаған.

Зейнеткер ауруханада қайтыс болған. Тергеу көрсеткендей, сол күні зейнеткер мас болған.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам мұз басқан жолда тайып құлаған. Сараптама оның дене жарақатын алғанын көрсетті. 

-->