Қарағандыда әйелдерді себепсіз ұрып жүрген бұзақы қолға түсті
Sputnik Қазақстан-ның жазуынша, өңірдің Полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 16 наурызда қалалық Полиция басқармасына белгісіз біреудің мектептің жанында 14 жастағы оқушыны соққыға жыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден шұғыл тергеу тобы аттанған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің тағы үш әйелді ұрып кеткені анықталған. Ол Қарағандыға арнайы келіп, көшеде жалғыз келе жатқан қыз-келіншектерді аңдыпты. Сосын оларды соққыға жыққан.
Тәртіп сақшыларының сөзінше, күдікті қыз келіншектерді тонамаған, бағалы заттарын алмаған. Тек ұрып, қашып кетіп отырды дейді олар.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бапқа сәйкес, 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 126 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары я болмаса, 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
-->Sputnik Қазақстан-ның жазуынша, өңірдің Полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 16 наурызда қалалық Полиция басқармасына белгісіз біреудің мектептің жанында 14 жастағы оқушыны соққыға жыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден шұғыл тергеу тобы аттанған.
Зардап шеккен қыз бала сабақтан келе жатқан кезде бейтаныс адамның артынан тап бергенін, сосын бір ұрып, қашып кеткенін жеткізді. Шұғыл іздестіру кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы Теміртау қаласының тұрғынын қолға түсірді, - дейді полицейлер.