ҰҚК 1,5 миллион долларға басшылық қызмет ұсынған күдіктілерді ұстады
2022 жылғы 4 наурызда Нұр-Сұлтанда 30 млн теңге мөлшерінде ақшалай қаражаттың бір бөлігін беру кезінде топтың үш қатысушысы және Ақтөбе мен Балқаш қалаларында тағы екеуі ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
-->Өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері деп таныстырып, жоғары лауазымды адамдар атын жамылған теріс пиғылдылар кәсіпкерге 1,5 млн АҚШ доллары сомасы үшін оны мемлекеттік құрылымдардың біріне басшылық лауазымға тағайындау мәселесін шешіп беруді ұсынған. Олар жалға алынған «премиум-класс» автомашиналарын пайдаланған және жалданған күзеттің ілесіп жүруімен астананың элиталық орындарында кездесулер өткізген, – делінген хабарламада.