Оқиға

«Полицияға өзі хабарлаған»: Ер адам танысын пышақтап өлтірді

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, пышақ жарақатын алған жігіт қайтыс болған. Ал бұл іске күдікті ретінде оның танысы қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: ”Көзіме шөп салды”: Вахтадағы жұмысынан оралған ер адам әйелін өлтіріп тастады

Полицияның мәліметінше, 9 наурыз күні түнгі 02.30-да Аршалы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, танысына пышақ жарақатын салғанын айтқан. Оқиға орнына жедел тергеу тобы келген. Олар ер адамдардың бірге ішімдік ішкенін анықтаған. Отырыс барысында өзара жанжал туындап, күдікті 26 жастағы танысына пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген, алайда сол жерде көз жұмған.

Осы факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, пышақ тәркіленген. Сонымен қатар, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

-->