Демалыс орнында ер адам әйелді пышақтап тастады (ВИДЕО)
Polisia.kz сайтының ақпаратына қарағанда, полицейлер күдіктіні қолға түсірген.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша хабарлама түскен. Облыс орталығында орналасқан демалыс орындарының бірінде жергілікті тұрғындардың арасында жанжал болған. Ер азамат әйелге бірнеше пышақ жарақатын салған. Қазіргі уақытта жәбірленуші аурухананың жансақтау бөліміне жатыр.
Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсіргенін хабарлады. Оның уақытша тергеу изоляторына қамалғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтiруге оқталу, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
-->Polisia.kz сайтының ақпаратына қарағанда, полицейлер күдіктіні қолға түсірген.