Оқиға

Елордада төрт автокөлік соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт азамат зардап шекті. Олардың бәріне медициналық көмек көрсетілді. Екі адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолдарда өте мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

-->

22 ақпанда сағат 19.22 шамасында «Hyundai» маркалы автокөліктің 31 жастағы жүргізушісі Түркістан көшесімен Орынбор көшесіне қарай кетіп бара жатып, бағдаршамның тыйым салған түсіне өтіп кеткен. Нәтижесінде «Subaru XV» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Ал «Subaru XV» инерциямен «Subaru Legacy» және «Chevrolet Malibu» маркалы екі автокөлікті соққан, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.