Оқиға

Елордалық полицейлер қалта ұрысын қылмыс үстінде ұстады

Бұған дейін бірнеше рет сотталған 34 жастағы ер адам автобус салондарында, базарларда, сауда үйлерінде ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Ол адамдар көп жиналатын орындарды, жолаушылар саны ең көп маршруттық автобустарды немесе автобус аялдамаларын таңдап, көпшіліктің ішіне кіріп, қала тұрғындарының сыртқы киімдерінің қалтасы мен сөмкелерінен ұрлық жасаған. Бір күнде ол үш қалта ұрлығын жасаған. Оның елорда аумағында жасалған басқа 15 ұрлыққа қатыстылығы тексерілуде.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қ.ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қалта ұрыларының құрбаны болмас үшін сақтық шараларын сақтауды, қырағы болуды ескертеді. 

-->