Оқиға

Қаңтар оқиғасына қатысқан 741 азамат қамауда отыр – Бас прокуратура

Олардың көбі 30 жасқа толмаған, жоғары білімі мен тұрақты жұмысы жоқтар.

Е.Қилымжановтың айтуынша, тәртіп сақшылары 3 096 соталды ісін тіркеген. Олардың басым бөлігі мүлікті бүлдіру, бұзақылық және қару-жарақ ұрлаумен байланысты. Ал жаппай тәртіпсіздік деректері бойынша 181 іс тергеліп жатыр. Мәселен, мемлекеттік органдардың ғимараттарын шабуылдау, заңға сәйкес, терроризм әрекеті болып саналады. Қаңтар оқиғасы кезінде тек Алматы облысында 53 автомат, 367 тапанша мен 23 мыңнан астам оқ-дәрі ұрланған. Алматы резиденциясында 130 қарудың жетпейтіні анықталды. 10 аңшы дүкені тоналған. Барлығы 3 мыңға жуық қару ұрланды. Тәртіп сақшылары олардың 967-сін ғана тапты.

-->

2 мың қару әлі де қылмыскерлердің қолында, - деді ол.