Елордада сұлулық салоны қызметкері мен клиент төбелесіп қалды
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жанжал салдарынан клиенттің мұрны сынған.
Куәгерлердің бірі сұлулық салонында көрсетілген қызметтен кейін клиент мастерге өз наразылығын айтқан. Әйелге нақты ненің ұнамағаны әзірге белгісіз.
Оқиғадан кейін бірден сауда үйінің күзетшілері келіп, жанжалға қатысушыларды полицейлер келгенше кетуін сұраған.
Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес тергеу жұмыстары басталған.
Күдіктіге істеген әрекеті үшін үлкен мөлшерде айыппұл салынып немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
-->Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жанжал салдарынан клиенттің мұрны сынған.
Куәгерлердің бірі сұлулық салонында көрсетілген қызметтен кейін клиент мастерге өз наразылығын айтқан. Әйелге нақты ненің ұнамағаны әзірге белгісіз.
Даудан кейін әйел сұлулық салонының администраторына өз ұялы телефонын лақтырған. Бұдан кейін ер адам келіп, клиенттің бетінен ұрды. Оның мұрнынан қан ақты, - дейді куәгерлер.
Оқиғадан кейін бірден сауда үйінің күзетшілері келіп, жанжалға қатысушыларды полицейлер келгенше кетуін сұраған.
Аталған дерек бойынша Қабанбай батыр көшесіндегі «Mega Silk Way» сауда үйінде орналасқан «Viva» сұлулық салонының қызметкері мен келушісі арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Олардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді, - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес тергеу жұмыстары басталған.
Күдіктіге істеген әрекеті үшін үлкен мөлшерде айыппұл салынып немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.