Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған әйел елордадан табылды
20 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған әйелді Түркістан облысының полицейлері тапты.
2022 жылдың 7 ақпанында өз әйелінің жоғалғаны бойынша полиция бөліміне күйеуі келіп арызданған. Із-түзсіз жоғалу жайты болғандықтан, тез арада табуға еріктілер де атсалысқан. Жоғалған әйелдің айрықша белгілерін жазып, суретімен бірге бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаған.
Нәтижесінде із-түзсіз кеткен әйел Нұр-Сұлтан қаласынан табылды. Табылған әйел ешкімге қояр арыз-шағымы жоқ екенін, Нұр-Сұлтанда аман-есен өз еркімен тұрып жатқанын жеткізді.
Белгілі болғандай, әйел күйеуімен арасында болған отбасылық келіспеушіліктің салдарынан жақындарына айтпай, кетіп қалған.