Оқиға

Жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға арматура таратқандар ұсталды (ВИДЕО)

Алматы қалалық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының мәліметінше, 20 мен 24 жас аралығындағы алты ер адам ұсталған.

Ұсталғандарға ҚР ҚК-нің 272-бабы 2-бөлігі бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айып тағылып отыр. Олар қамауға алынды.

-->

Алматы қалалық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының мәліметінше, 20 мен 24 жас аралығындағы алты ер адам ұсталған.

5 қаңтарға қараған түні «Шаңырақ» шағын ауданындағы үйлердің бірінде «болгарканың» көмегімен темір арматураның бөліктерін (70 см) дайындап, келесі күні жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға таратқандығы анықталды. Кездейсоқ куәгерлер бұл іс-әрекетті ұялы телефонның камерасына түсіріп алған. Бейнежазбадан адамдардың «ГАЗель» жүк шанағынан арматураны лақтырып жатқанын көруге болады. Іс-әрекет Төле би даңғылының бойында шығыс бағытта орын алды. Заңсыз әрекеттерге қатысушылар анықталды және ұсталды. Олар тәртіп сақшыларының денсаулығына зақым келтіру мақсатында тәртіпсіздікке қатысушыларға тарату үшін түні бойы қасақана темір арматуралар дайындағанын мойындады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Ұсталғандарға ҚР ҚК-нің 272-бабы 2-бөлігі бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айып тағылып отыр. Олар қамауға алынды.