Алматыда полиция аялдамада қарияны ұрып-соққан ер адамды іздеп жатыр (ВИДЕО)
Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Бейнежазба Instagram желісіндегі kris_p_nursultan_official парақшасында пайда болды.
Кадрлардан жас жігіттің аялдамада тұрған қарияға жақындап, оны балағаттап, таяқпен бірнеше рет ұрғанын, артынша көлікке отырып, кетіп қалғанын көруге болады. Жазбаға қарағанда көлік жүргізушісін жол бойында кетіп бара жатқан егде жастағы азамат ызаландырып жіберген. Желі қолданушылары қарияны ұрып-соққан азаматтың жазалануын талап етті. Оқиғаға қатысты Алматы қалалықт Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов пікір білдірді.
-->Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Бейнежазба Instagram желісіндегі kris_p_nursultan_official парақшасында пайда болды.
Кадрлардан жас жігіттің аялдамада тұрған қарияға жақындап, оны балағаттап, таяқпен бірнеше рет ұрғанын, артынша көлікке отырып, кетіп қалғанын көруге болады. Жазбаға қарағанда көлік жүргізушісін жол бойында кетіп бара жатқан егде жастағы азамат ызаландырып жіберген. Желі қолданушылары қарияны ұрып-соққан азаматтың жазалануын талап етті. Оқиғаға қатысты Алматы қалалықт Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов пікір білдірді.
Кеше, 2022 жылдың 6 ақпанында Алматы Полиция департаментінің Тергеу басқармасында БАҚ және әлеуметтік медиа мониторингінің қорытындысы бойынша процессуалдық тексеру басталды. Қазіргі уақытта Тергеу басқармасының тергеушілері Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел қолдауымен күдіктіні ұстау шараларын қабылдауда. Тексеру барысы мен нәтижелері Алматы қалалық Полиция департаментінің бақылауына алынды. Құқық бұзушыға қабылданған шаралар қосымша хабарланады,- деп жазды ол Facebook парақшасында.