Оқиға

Қарағандыда пойыздың 12 вагоны рельстен шығып кетті

-->

Оқиға кеше Мойынты – Сарышаған қос жолды учаскесінің Новалы стансасында болды. Жолдан шығып кету себебі – ресейлік вагон бүйір рамасының сынуынан. Түнге жақын бір жолы ашылып, пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары қазір жалғасып жатыр, - деді компания баспасөз қызметінің жетекшісі Қайсар Жұмабайұлы.