Елордалық емхана фельдшері мүгедек қызды зорлады деген күдікке ілінді
Ол қызына қорлық көрсеткер фельдшердің үстінен құзырлы органдарға арыз жазған. Содан бері 5 ай өткенімен, іс орнынан қозғалмаған.
Ананың айтуынша, маманды суық тиіп ауырып қалған соң өздері үйге шақыртқан екен.
Анасының сөзіне сенсек, қызы 2-топтағы мүгедек, ақыл-есі 10-15 жылға кеш дамитын көрінеді. Айтқаныңнан шықпайтын, тұйық мінезді деп отыр. Жәбірленуші де оқиға туралы айтып берді.
Отбасы оның әлі күнге жұмыста жүргенін айтады. Емхана дәрігердің жұмыста екенін растады.
-->Ол қызына қорлық көрсеткер фельдшердің үстінен құзырлы органдарға арыз жазған. Содан бері 5 ай өткенімен, іс орнынан қозғалмаған.
Ананың айтуынша, маманды суық тиіп ауырып қалған соң өздері үйге шақыртқан екен.
Үйге «Емдеу-7» емханасынан жұмыс уақытынан тыс кешкі уақытта фельдшер келді. Келіп «қызыңызды алып кетеміз, КТ түсіреміз» деді. «Маған бармай-ақ қойыңыз» деді. Сосын емханаға апарып, оны зорлаған. Алдымен көзін байлап, гинекологиялық креслоға отырғызған. Содан соң өзінің арам ойын асырған, – дейді қыздың анасы.
Анасының сөзіне сенсек, қызы 2-топтағы мүгедек, ақыл-есі 10-15 жылға кеш дамитын көрінеді. Айтқаныңнан шықпайтын, тұйық мінезді деп отыр. Жәбірленуші де оқиға туралы айтып берді.
Ол мені апарды. «Әкелерің сендермен тұрады ма» деп сұрады, «бұрын соңды қарым-қатынаста түстің ба» деді. Содан соң «сезініп тұрсың ба» деп сұрай берді. Маған «бұл – құпия ешкімге айтуға болмайды» деді, – дейді зардап шегуші.
Отбасы оның әлі күнге жұмыста жүргенін айтады. Емхана дәрігердің жұмыста екенін растады.
Аталмыш жағдайға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен емхана әкімшілігі хабардар. Бұл жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл істің нәтижелері тергеу жұмыстары біткен соң жария етіледі. Полиция департаменті тергеу әлі де жалғасып жатқанын хабарлады. Тергеудің ұзаққа созылуының себебі сараптамалардың көп болуынан деп түсіндірді, – дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.