Оқиға

Астанада аңшылық дүкенінен қару ұрлаған мародер ұсталды (ВИДЕО)

Жамбыл облысының 40 жастағы тумасы Алматыдағы аңшылық дүкенінен қару ұрлады деген күдікке ілінген.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні тұрғылықты жері бойынша ұстады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталған азамат Алматы қаласының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

-->

Осы жылдың 5-інен 6 қаңтарға қараған түні серіктестерімен бірге аңшылық дүкеніне кіріп, мүлік пен қару ұрлаған. 20 қаңтар күні қылмыстық қудалаудан жасырынып, елордаға пойызбен келген. Осы уақыт аралығында күдікті жұмысқа орналасып, жатақханадан бөлме жалдап үлгерген, – делінген хабарламада.