Оқиға

Елімізде бір апта ішінде 2580 қылмыс тіркелді – ІІМ

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 2 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 31 тонау және 395 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашқан.

-->

Бір апта ішінде 2 580 қылмыс жасалды. Оның 1 754-і тәулік ішінде ашылды, - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 2 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 31 тонау және 395 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашқан.