Оқиға

Қарағандыда тепловоз бен жүк көлігі соқтығысты (ВИДЕО)

Оқиға Бытовая көшесінде сағат 17:22 шамасында болған. Бейнетіркегіштен түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство аталған факт тіркелгенін атап өтті.

Сондай-ақ, полиция аталған учаскеде көктайғақ болмағанын, бағдаршам дұрыс жұмыс істегенін, жол белгілері де бар екенін атап өтті.

-->

32 жастағы КамАЗ жүргізушісі Бұқар жырау даңғылынан Асфальтная көшесіне қарай Бытовая көшесімен келе жатқан. Теміржол өткелінде ол тепловозбен соқтығысуға жол берді. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көлік құралдары механикалық зақымданды. КамАЗ жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген жоқ, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция аталған учаскеде көктайғақ болмағанын, бағдаршам дұрыс жұмыс істегенін, жол белгілері де бар екенін атап өтті.

Аталған факт бойынша сараптама тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деп толықтырды ведомство.